Біз Венадағы Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтар қоғамының (ESCRS) 41 конгресіндеміз
2023 жылдың 8-12 қыркүйегі аралығында Венада әлемдік офтальмологиялық қоғамның маңызды оқиғасы – Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтар қоғамының (ESCRS) 41 конгресі өтті. Конгреске әлемнің әртүрлі елдерінен келген офтальмологтар, соның ішінде SAIF-OPTIMA жетекші офтальмологтары қатысты.
SAIF-OPTIMA мамандары офтальмология әлеміндегі соңғы жаңалықтармен, өзекті ғылыми зерттеулермен және жаңа өнертабыстармен танысты, басқа елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасты, офтальмологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу, сондай-ақ хирургияның заманауи мүмкіндіктері мәселелерін талқылауға қатысты.
Анықтама: The European Society of Cataract and Refractive Surgeons (ESCRS) 1991 жылы құрылған. ESCRS – катаракта, рефракциялық хирургтар үшін және көздің алдыңғы сегменті хирургиясында Еуропадағы жетекші ұйым. Қоғамның әлемнің 130-ға жуық елінен 7500-ден астам мүшесі бар. ESCRS бүкіл Еуропада офтальмологтардың халықаралық тәжірибесін талқылау, оқыту және тарату үшін бірегей форум ұсынады.
Leave a Reply